ҚР СІМ Валюта-қаржы департаменті Валюталық операциялар басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқықпен байланысты пәнаралық бағдарламалар

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

017 бюджеттік бағдарлама шеңберінде  ТМД-ның жарғылық және өзге де органдарына, халықаралық ұйымдарға жарналар бойынша бюджеттік қаражаттарды уақытылы аударуды бақылау, бөлу есебін жүргізу; Шет елдегі мекемелер қызметкерлеріне шетелде қызмет еткен уақытына сай  еңбекақыны есептеу және оны ағымдағы айдың 28-не дейін  несиелік карточкалардың жеке шоттарына аударуға; Шетелдегі мекемелердің  еңбек, персонал бойынша статистикалық есепті құрастыру; Еңбекақы бойынша есептеулердің (3241,3142,3122,3121,3242,3245 шоттары) талдамалық және синтездік есебін жүргізу, өзара есеп айырысуларды тексеру мен негізделмеген қарыздарды болдырмау, демалыс ақыларын есептеу, №5 мемориалдық ордерді толтыру; Ұзақмерзімдік шетелдік іссапарға кету кезінде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне есеп-аттестаттарды рәсімдеу; Сатып алынған авиа- және теміржол билеттері бойынша қызметтер жеткізушілерімен  өзара есеп айырысуларды тексеруді  ай сайын  жүргізу, әр айдың 5-не дейін мемориалдық ордерді жүргізу; Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуларды талдамалық есепке алуды жүргізу, аванстық есептерді құрастыру мен тексеру, іс-сапар шығындары бойынша  есептілік  мерзімдерін сақтауды бақылау,  әр айдың5-не дейін № 8 мемориалдық ордерді  жүргізу, есеп беруге тиісті тұлғалардан дебиторлық қарызды талап ету және кредиторлық қарызды өтеу; Астана қаласының соттық актілерді орындау  бойынша алименттердің есептілігін құрастыру мен табыстау; шет елдегі мекемелердің бухгалтерлік есептер жинағына қатысу; Қызметтік құзырет сұрақтары бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, шет елдегі мекемелермен хат жазысу; Өз құзыреті аясында жұмыс процесінің рационалды қолдану туралы, «1С.Предприятие» бағдарламалық қамтамасыз етуді және нормативтік құқықытық базаны жетілдірілуі туралы ұсыныстар жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.09.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.09.2022 – 27.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.09.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 72-08-08