ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті Азия, Африка және Таяу Шығыс елдері басқармасының атташесі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

ҚР шет елдердегі мекемелері мен құзыретті органдарымен өзара ықпалдаса отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау; Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне шетелдік азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жәрдем көрсету; шетелдік әріптестермен консулдық консультацияларды өткізу жұмысын қоса, консулдық өзара ықпалдасу мәселелері жөнінде СІМ басшылығының шетелдік серіктестермен кездесуіне тезистер мен басқа материалдарды дайындау; Қазақстан Республикасының Азия, Африка және Таяу Шығыс елдерімен консулдық мәселелер бойынша ынтымақтастығы туралы ақпараттық, сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу; ҚР құрметті консулдарын (штаттан тыс), сондай-ақ ҚР-дағы шетелдік құрметті консулдарды тағайындау үшін құжаттарды пысықтау; Азия, Африка және Таяу Шығыс елдерімен шарт-құқықтық базаны кеңейту: азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы үкіметаралық келісімдердің жобаларын дайындау, адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімдердің жобаларын пысықтау бойынша келіссөздер үдерісін ұйымдастыруға жәрдем беру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.09.2022 – 30.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.10.2022

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 72-08-08