ҚР СІМ ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші офисінің атташесі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

ҚР-дың ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастығы мәселелері бойынша:

- ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

- ШЫҰ шеңберінде халықаралық келісім-шарттардың әзірленуін және іске асырылуын бақылау;

- ШЫҰ және оған қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-анықтамалық және сараптамалық құжаттар даярлау;

- Қазақстан мен шет елдерде ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларды әзірлеу мен өткізуге қатысу;

- іс-шараларды өткізу мерзімдерін, қатысушылар құрамын, ұйымдастырушылық-протоколдық тұстарын келістіру;

- құжат жобаларын әзірлеуге, қатысушы елдермен мәтіндерді келісуге жәрдемдесу;

- ШЫҰ тұрақты органдарына, ҚР-ның шет елдердегі мекемелеріне және өз құзыреті шеңберінде Қазақстандағы шетел елшіліктеріне тиісті деректер жіберу;

- басшылықтың ШЫҰ мәселелеріне қатысты кездесулеріне тезистер мен жазбаларын, баспасөз құралдарына сұхбаттарын дайындау;

- ҚР мемлекеттік органдарымен ШЫҰ мәселелері бойынша өзара әрекеттесу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.06.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.06.2022 – 08.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.07.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат. (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

87172-72-08-08