ҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік департаменті Қарусыздану және таратпау басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

226834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Халықаралық қауіпсіздік саласындағы және жаңа қауіп-қатерге қарсы тұру мәселелері бойынша тиісті ақпараттық-сараптамалық материалдарды әзірлеу; ресми сапарларды дайындау және өткізу; Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздік саласындағы, қару-жарақты бақылау, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, экспорттық бақылау, жөніндегі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша проблемалық және перспективті мәселелер жөніндегі ресми ұстанымды даярлауға ұсыныстар енгізу.

Қазақстан Республикасының келесі мәселелер:

Қарусыздану конференциясы шеңберіндегі ҚР жұмысы,

Стратегиялық шабуыл қару-жарағы туралы шартқа байланысты Сақтау және инспекция жөніндегі бірлескен комиссиядағы ҚР жұмыстары,

Экспорттық бақылау, ЕАЭО және РФ-пен келіссөздер үрдісі,ЖҚҚ таралуына қарсы күрестегі қауіпсіздік бойынша бастама (PSI),

Түпкі пайдаланушы сертификаттарын растау, Қару-жарақ және қосалқы мақсаттағы өнімдерді экспорттауға өтініштерді қарастыру,

Ядролық қауіпсіздік саммиті,

Аналитикалық материалдарды ұсыну;

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша анықтамалық ақпараттарды дайындау және өзектендіру,

Басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.04.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.04.2022 – 14.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.04.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат. (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 72 08 08