Сыртқы және ішкі инвестициялар бойынша аналитикалық жұмыс басқармасының басшысы ИК
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
Функционалды міндеттер
|
Басқарма қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету; басқарма құзыретіне жататын тапсырмалардың (іс-шаралар жоспарларын қоса алғанда) сапалы және уақтылы орындалуына, өтініштердің және басқа құжаттардың қарастырылуына бақылау жасау; |
Комитет құзыреті шеңберінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын және басқа құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; Комитет құзыреті шеңберінде стратегиялық бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын үйлестіру; Комитет құзыреті шеңберінде стратегиялық бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын үйлестіру; инвестицияларды тарту саласында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруды мониторингілеу және үйлестіру; Комитет қызметі тиімділігін бағалау бойынша жұмысты үйлестіру; Комитет құзыреті шеңберінде жиынтық-талдамалық, ақпараттық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; инвестиция бойынша нысаналы мақсатты индикаторлардың мониторингі; инвестицияларды тарту аясында жыл сайынғы талдау баяндаманы дайындау; Қазақстанның және шет елдердің инвестициялық ахуалының дәрежесі бойынша талдау материалдарын және жазбаларды дайындау; өңірлерге инвестицияларды тарту бойынша іс-шаралар жоспарын қоса алғанда, өңірлердің инвестицияларды тарту қызметін мониторингтеу және үйлестіру; Комитеттің қызметі бойынша басшылыққа даяндамаларды және кездесу есептерін әзірлеу; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.05.2020
- г.Нур-Султан, ул Конаева 31, 419 каб
-
8-7172-72-02-97