ҚР СІМ Валюта-қаржы департаменті Шетелдік іссапар және өкілдік шығындар басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
186830
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес және басқару
- Бизнес, басқару және құқықпен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
1С-бухгалтерия, қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚСХҚЕС)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Шет елдердегі мекемелердiң бухгалтерлiк есептерін тексеру. Шет елдердегі мекемелердiң бухгалтерлiк есеп берулерi бойынша қорытындылар жасау. Тоқсандық және жылдық жиынтық теңгерімді ҚР Қаражы министрлiгiне беру үшін ұлттық валютада және АҚШ долларымен жасалатын бухгалтерлiк есеп беру жиынтығы. Шет елдердегі мекемелердi қаржыландыру бойынша өтінімдердің түсімі мен жиынтығы. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарының және шет елдердегі мекемелер қызметкерлерінің еңбек ақысы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу. Бухгалтерлiк есеп және есеп беру, қаржыландырудың ағымдағы мәселелерi бойынша хат алысу, ревизиялық тексерулер, шет елдердегі мекемелердiң қаржылық-шаруашылық жұмыстары бойынша хат-хабар жазысу. Шет елдердегі жаңа мекемелердің ашылуына, үлгілік штаттық кестелерге, шет елдердегі мекемелерді қаржыландыру жобасына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қаржыландыру жоспарына қосымша қаржы бөлу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, Шет елдердегі мекемелердің қаржылық-шаруашылық жұмыстарын тексеруді жүзеге асыру. Ведомстволық бақылау мәселелері. Шет елдердегі мекемелердің нақты шығыстары жөніндегі мәліметтер жиынтығы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.03.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат. (онлайн)
-
87172-72-08-08