ҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік департаменті Қарусыздану және таратпау басқармасының атташесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
186834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Халықаралық қауіпсіздік саласындағы және жаңа қауіп-қатерге қарсы тұру мәселелері бойынша тиісті ақпараттық-сараптамалық материалдарды әзірлеу; ресми сапарларды дайындау және өткізу; Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздік саласындағы, қару-жарақты бақылау, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, экспорттық бақылау, жөніндегі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша проблемалық және перспективті мәселелер жөніндегі ресми ұстанымды даярлауға ұсыныстар енгізу.
Оның ішінде келесі мәселелер:
- Ядролық қаруға тыйым салу шарты,
- Қарусыздану мәселелері бойынша БҰҰ комиссиясы,
- БҰҰ ҚК санкциялық қарарларын орындау,
- ҚР-дың Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйыммен ынтымақтастығы,
- БҰҰ ҚК 1540 қарары,
- Аналитикалық материалдарды ұсыну;
- Жетекшілік ететін мәселелер бойынша анықтамалық ақпараттарды дайындау және өзектендіру,
- Басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау.
Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздік Қазақстан-американдық бағдарламаның іске асырылуы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.03.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат. (онлайн)
-
87172-72-08-08