ҚР СІМ Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы және Монако Князьдігіндегі Елшілігінің аға бухгалтері (бас сарапшы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Бизнес және басқару
  • Бизнес, басқару және құқықпен байланысты пәнаралық бағдарламалар
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1С-бухгалтерия, қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚСХҚЕС)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Шетелдердегі мекемелер бағдарламаларын қаржыландыру жоспарын жоспарлау және қалыптастыру; қаржылық тәртіпті, бухгалтерлік құжаттамалардан белгіленген қағидалары мен нысандарын, шет елдердегі мекемелердің бухгалтерлік есебі мен есептілігін тиісті түрде қойылуын және жүргізілуінін сақталуына бақылауды жүзеге асыру; бухгалтерлік құжаттаманы жүргізудің белгіленген қағидалары мен нысандарының сақталуына; бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша ақшалай қаражатты мақсатты және тиімді жумсалуына; бухгалтерлік есептердің уақытылы және сапалы қалыптастырылуына; ТМҚ, негізгі қорлардың және т.б., ақшалай қаражаттың дұрыс дұрыс уақытылы есебіне бақылау жасау; негізгі қаражаттарға терендеу жүргізу және есебін жасау, оларды бухгалтерлік есептің шоттарыда көрсетуді ұйымдастыру және бақылау жасау; дебиторлық және кредиторлық қарызды уақытылы өндіріп алуға бақылау жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.08.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.08.2021 – 27.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

31.08.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат. (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

87172-72-08-08