ҚР СІМ Валюта-қаржы департаменті Валюталық операциялар басқармасының сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Бизнес, басқару және құқықпен байланысты пәнаралық бағдарламалар
  • Құқықтану
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1С-бухгалтерия, қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚСХҚЕС)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Күн сайын ұлттық және есеп валютасында кассалық операцияларға  есеп жүргізу, банктік операциялардың аналитикалық және синтездік есебін жүргізу, әр айдың 4 жұлдызына дейін №1,2, №3 мемориалды ордерлер есебін жүргізу; Республикалық бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарларына сәйкес шетелдегі мекемелерді қаржыландыру бойынша банктік төлемдерді жүргізу; Республикалық бюджет табысына  консулдық алымдар, активтерді жүзеге асырудан табыстарды  аудару және өзге де аударымдар бойынша синтездік және талдамалық есепке алуды іске асыру; Есепті айдан кейінгі айдың 7-не дейін бюджеттік қаражаттарды игеру жөнінде есепті  құрастыру; күтілетін игеру бойынша айдың 25не дейін, ай арасындағы жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу анықтамалары айдын 15не дейін, специфика арасында айдың 20на дейін; Әр айдың 15-не дейін бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы тоқсандық есепті құрастыру, күн сайын  1050, 1081, 1082, 3133, 3222, 6010, 6020 тиісті шоттары бойынша талдамалық есепті жүргізу; Ақшалай қаражаттарды ашу және айырбстауға  қазыналық  рұқсаттарды рәсімдеу; ҚР ҚМ Астана қаласы бойынша Қазыналық Департаментімен хат жазысу; Бағдарламалар шегінде ақшалай қаражаттардың  айырбасталымын және қайта айырбасталымын жүзеге асыру; Өзінің лауазымдық құзыреті сұрақтары бойынша  бухгалтерлік есеп пен есептілік, қаржыландыру, шетелдегі мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметінің ағымдағы мәселелері  бойынша хат жазысу; Өз құзыреті аясында жұмыс процесінің рационалды қолдану туралы, «1С.Предприятие» бағдарламалық қамтамасыз етуді және нормативтік құқықытық базаны жетілдірілуі туралы ұсыныстар жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.08.2021 – 25.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.08.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат. (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

87172-72-08-08