ҚР СІМ Инвестиция комитеті Сыртқы және ішкі инвестициялар бойынша аналитикалық жұмыс басқармасының референті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретіне жататын тапсырмаларды (іс-шаралар жоспарларын қоса алғанда) сапалы және уақтылы орындау, өтініштерді және басқа құжаттарды қарастыру; Комитет құзыреті шеңберінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын және басқа құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; Комитет құзыреті шеңберінде стратегиялық бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын үйлестіру; инвестиция бойынша нысаналы мақсатты индикаторлардың мониторингі; инвестицияларды тарту аясында жыл сайынғы талдау баяндаманы дайындау; Қазақстанның және шет елдердің инвестициялық ахуалының дәрежесі бойынша талдау материалдарын және жазбаларды дайындау; өңірлерге инвестицияларды тарту бойынша іс-шаралар жоспарын қоса алғанда, өңірлердің инвестицияларды тарту қызметін мониторингтеу және үйлестіру; Комитеттің қызметі бойынша басшылыққа даяндамаларды және кездесу есептерін әзірлеу; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.08.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат. (онлайн)
-
87172-72-08-08