ҚР СІМ Мемлекеттік тіл саясаты басқармасының кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Республикасының дипломатиялық заңы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіл саясатын іске асыру;
2) халықаралық қатынастар саласында ҚР Тіл туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ Министрлікте және ҚР шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік тілде іс жүргізуді бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;
4) қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіруді қамтамасыз ету;
5) Мемлекеттік тіл комиссиясы мен Терминологиялық топтың қызметін қамтамасыз ету, Министрліктегі терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, сыртқы саясат саласындағы терминдерді біріздендіру;
6) мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
7) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері дайындаған мемлекеттік тілдегі мәтіндерді қалыптастыруды, түзетуді және жалпы сараптауды жүргізуді жүзеге асыру;
8) Министрлік персоналының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің жұмыстарын үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.08.2021
- 010000 город Нур-Султан, улица Д. Кунаева, дом 31 (онлайн)
-
87172-72-08-08