ҚР СІМ Инвестиция комитеті Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
383140 - 517991
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
- міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Комитеттің құзыретіне жататын бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын және басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу; Комитеттің құзыреті шеңберінде стратегиялық құжаттарды жүзеге асыруды үйлестіру; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы және оны жүзеге асырудың Ұлттық жоспары шеңберінде Комитеттің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету; Министрліктің басшылығына материалдарды (соның ішінде Мемлекет басшысының қатысуымен кеңейтілген кеңестер), Үкіметтің селекторлық отырыстары дайындау және құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өңірлерге Министрлігі басшылығының іссапарларын ұйымдастыру; хаттамалық тапсырмалардың сапалы және уақытылы орындалуын бақылау; инвестиция аясындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарын әзірлеуге қатысу; Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының ағымдағы отырыстарын дайындау, Заңдарды, Президентің Жарлықтарын, ҚРҮ қаулыларын, өкімдердің жобаларын дауындауына қатысу; Инвестициялық іс-шаралар, семинарлар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiнің жалпы және аралық отырыстарын ұйымдастыру және дайындау; Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жоспарлауды үйлестіру, бизнес-форумдарды конференциялар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және дайындау; Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына инвестицияларды тарту мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен компаниялармен кездесулер мен келіссөздер жүргізуді ұйымдастыру және өткізу; ел басшылығы қатысуымен өткізілген инвестициялық іс-шаралардың нәтижелері бойынша келісімдерін мониторингтеу; Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетел инвестицияларды тарту ұсыныстарын құру; Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетел инвестицияларды тарту мәселелері бойынша шетел инвесторлар, халықаралық және қазақстандық іскерлік қауымдастықтар және регионалдық мемлекеттік басқару органдарымен өзара әрекеттесу, инвестициялық қызметпен байланысты мәселелері бойынша мемлекеттік органдарымен, шетелдік өкілдіктері және ұлттық компаниялармен өзара әрекеттесу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.07.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат. (онлайн)
-
87172-72-08-08