ҚР СІМ Инвестиция комитеті Сыртқы және ішкі инвестициялар бойынша талдау жасау басқармасының бірінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретіне жататын тапсырмаларды (іс-шаралар жоспарларын қоса алғанда) сапалы және уақтылы орындау, өтініштерді және басқа құжаттарды қарастыру; Комитет құзыреті шеңберінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын және басқа құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; инвестицияларды тарту саласында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруды мониторингілеу және үйлестіру; Комитет қызметі тиімділігін бағалау бойынша жұмысты үйлестіру; Комитет құзыреті шеңберінде жиынтық-талдамалық, ақпараттық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; инвестиция бойынша нысаналы мақсатты индикаторлардың мониторингі; инвестицияларды тарту аясында жыл сайынғы талдау баяндаманы дайындау; Қазақстанның және шет елдердің инвестициялық ахуалының дәрежесі бойынша талдау материалдарын және жазбаларды дайындау; өңірлерге инвестицияларды тарту бойынша іс-шаралар жоспарын қоса алғанда, өңірлердің инвестицияларды тарту қызметін мониторингтеу және үйлестіру; Комитеттің қызметі бойынша басшылыққа даяндамаларды және кездесу есептерін әзірлеу; Комитет және басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.07.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат. (онлайн)
-
87172-72-08-08