ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті Гуманитарлық ынтымақтастық және адам құқықтары басқармасының кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқығы халықаралық шарттар жөніндегі халықаралық комиссияның іс әрекетін үйлестіру; адам құқығы саласындағы халықарарлық шарттарға ҚР-дың қосылу мәселелері; өлім жазасын болдырмау мәселелері; мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері; БҰҰ кеңесімен өзара әрекеттесу мәселелері; ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясы хатшылығының жұмысын үйлестіру; ЮНЕСКО-ның жетекші органдарының отырыстарында Қазақстан Республикасының мәдени іс-шараларын дайындау мен өткізу; ЮНЕСКО және ИСЕСКО бағыттары бойынша халықаралық және республикалық конференцияларды дайындау мен өткізуді үйлестіру; Білім беру, ғылым және мәдениет салаларында Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі ұлттық комиссияның (әрі қарай – Ұлттық комиссия) халықаралық ұйымдармен өзара ықпалдасуын үйлестіру; Ұлттық комиссия жанында құрылған Ұлттық комитеттердің қызметін қолдау мәселелерін үйлестіру; сараптамалық материалдарды, сөйленетін сөздерді, тезистерді өз құзыреті шегінде дайындау; басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.07.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат. (онлайн)
-
87172-72-08-08