ҚР СІМ Инвестиция комитеті Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және жүзеге асырылуын қамтамасыз ету басқармасының референті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыретіне кіретін өтініштерді және басқа құжаттарды қарау; Басқарма құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; басқарма құзыретіне кіретін бағдарламалар, іс-шаралар жоспарлары мен басқа да құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; инвестициялық қызметпен байланысты сұрақтары бойынша іскерлі қауымдастықтармен, қаржы ұйымдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және ұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл жасау; Шетелдік капитал қатысатын инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша шетелдік инвесторлармен, іскерлік қауымдастықтармен және басқа мүдделі тараптармен өзара іс- қимыл жасау; Комитет және басқарма басшылығы белгілеген өзге де өкілеттілікті жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.04.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.
-
(8-7172) 72-08-08