ҚР СІМ Мемлекеттік құпиялар қорғау басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Құпиялы іс жүргізу; тұлғалардың құпиялы құжаттармен істеуіне арналған рұқсаттарды ресімдеу, рұқсаттарды ресімдеуге және қайта ресімдеуге арналған материалдарды дер кезінде беру және олардың қолданыс мерзімін бақылауға алу; құпия құжаттармен жұмыс істеу ережесін сақтауға бақылау; істерді мұрағатқа тапсыруға әзірлеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.03.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.
-
(8-7172) 72-08-08