ҚР СІМ Мемлекеттік құпиялар қорғау басқармасының бірінші хатшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Құпиялы іс жүргізу, құжаттардың орындалуын бақылау; сейфтердің, шкафтардың, арнайы қоймалардың және басқа да режимдік бөлмелердің  тізімін жүргізу;  тұлғалардың құпиялы құжаттармен жұмыс істеуге арналған рұқсаттарын ресімдеу, рұқсаттарды ресімдеуге және қайта ресімдеуге арналған  материалдарды дер кезінде беру және олардың қолданыс мерзімін бақылауға алу; құпия құжаттармен жұмыс істеу ережесін сақтауға бақылау. Аяқталған істерді мұрағатқа тапсыруға даярлау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.01.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.01.2021 – 18.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.01.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 72-08-08