ҚР СІМ Инвестиция комитеті Шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметін және инвестициялық іс-шаралардың өтуін қамтамасыз ету бойынша басқармасының референті

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Басқарма құзыретіне кіретін ақпараттық, талдаулық және басқа қажетті материалдарды дайындау; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) қызметін үйлестіру; мемлекет басшылығының қатысуымен Кеңес отырыстарын әзірлеу және өткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ Кеңес отырыстарының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын мониторингілеу; Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметін үйлестіру, Кеңес қызметі бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу, бизнес-форумдар, инвестициялық конференциялар және Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларына шетелдік инвестициялар тарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;  Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларына шетелдік инвестициялар тарту бойынша халықаралық және қазақстандық іскерлік қауымдастықтармен, қаржы ұйымдарымен және мемлекеттік басқарманың аймақтық органдарымен өзара әрекеттесу; шетелдік инвесторлармен өзара әрекеттесу, оның ішінде, олармен Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларына инвестицияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша   мүдделі мемлекеттік органдар мен компаниялардың кездесулерін және келіссөздер жүргізуін ұйымдастыру;  "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және ҚР аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру, инвестиция саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, Комитет басшылығы белгілеген өзге де өкілеттілікті жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.12.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.12.2020 – 25.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.12.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.

Анықтама алу үшін байланыс

8-708-252-95-65