ҚР СІМ Еуропа департаменті Орталық және Шығыс Еуропа басқармасының үшінші хатшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Үкіметаралық комиссияның жұмысын жүргізу және екі жақты құжаттарды іске асыру. Қазақстанның жетекшілік ететін өңірдегі елдермен саяси ынтымақтастығы бойынша сараптамалық, ақпараттық және анықтамалық материалдарды дайындау; жоғары деңгейдегі сапарлардың ақпараттық-ұйымдастыру шараларын қамтамасыз ету; Қазақстанның Индустриалды-инновациялық бағдарламасын іске асыруға қолғабыс көрсету; екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері бойынша ҚР Басшылығына ұсыныстар енгізу; екі жақты келісімдерді дайындау мен іске асыруды қадағалау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.12.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.12.2020 – 09.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.12.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 72-08-08