ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі Арнайы рұқсат беру басқармасының атташесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Әуе кеңістігі және ҚР мен шет мемлекеттердің әуежайларын пайдалану үшін арнайы рұқсаттардың қамтамасыз етілуіне жауапты; ҚР әуежайлары қызметтерімен тиісті мәселелер бойынша байланыс жасау және өзара әрекеттесуге жауапты; күзетпен қамтамасыз етілетін тұлғалардың қауіпсіздік қызметкерлерінің табельдік қару-жарақты алып келуіне және алып жүруіне рұқсаттардың берілуіне жауапты; МПҚ мұрағатын жүргізу; ақпараттық-талдау мәліметтерін және жүргізілген жұмыс бойынша есептерді дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.12.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй
-
8-7172-72-08-08