ҚР СІМ Инвестиция комитеті Инвестициялық преференциялар басқармасының референті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; инвестициялық келісімарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы үшін бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасымен көзделген инвестициялық келісім шарттар қолданысының мерзімі аяқталуы бойынша және бақылау нәтижелері бойынша шара қабылдау; инвестициялық келісім шарттар бойынша инвестициялық міндеттерді орындау үшін инвесторлардың берген есеп материалдарының дұрыстығын тексеру; Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызмет объектілеріне барып, тексерудің нәтижелері негізінде инвестициялық келісімшартқа өзгертулер және/немесе толықтыруларды енгізу үшін шарт жобасын дайындау; инвестициялық мәселелері бойынша инвесторлармен мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара әрекеттесу; инвестицияны мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы әлеуетті инвесторлардың өтініштерін қарастыру; Комитет, басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.здесу есептерін әзірлеу; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.12.2020
- город Нур-Султан, улица Д. Кунаева, дом 31
-
8-708-252-95-65