ҚР СІМ Инвестиция комитеті Инвестициялық преференциялар басқармасының бірінші хатшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; Басқарманың құзыреті шегінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын және басқа да құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; инвестициялық преференцияларды алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары; инвестициялық преференциялар беруге өтінімдерді қарастыру және қоса берілген құжаттарды талдау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық келісімшарттарға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы инвестициялық келісімшарттар мен шарттардың  жобаларын дайындау;  инвестицияны мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет; инвестициялық келісімшарттарды есепке алу және өтінімдерді тіркеу журналдарын жүргізу және сақтау; инвестициялық преференциялар беру мәселелері бойынша әлеуетті инвесторлар жүгінімдерін қарастыру; инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамаларды жетілдіру  бойынша ұсынымдар әзірлеу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша сотта және өзге де мемлекеттік органдарда Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету; Комитет, басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.12.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.12.2020 – 14.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.12.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй

Анықтама алу үшін байланыс

8-708-252-95-65