ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті ТМД басқармасының референті

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау; Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне шетелдік азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жәрдем көрсету; Қазақстан Республикасының ТМД  елдерімен консулдық мәселелер бойынша ынтымақтастығы туралы ақпараттық, сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу; ҚР құрметті консулдарын (штаттан тыс), сондай-ақ ҚР-дағы шетелдік құрметті консулдарды тағайындау үшін құжаттарды пысықтау; ТМД елдерімен шарт-құқықтық базаны кеңейту: адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімдердің жобаларын пысықтау бойынша келіссөздер ұйымдастыруға жәрдем беру; Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің есептерін және басқа анықтамалық-ақпараттық материалдарын қарастыру және оларға қорытындылар мен ұсыныстар дайындау; консулдық сұрақтар бойынша келіссөздерді өткізуге қолдау көрсету және оған қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.11.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.11.2020 – 24.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.11.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 72-08-08