ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті Талдау, жоспарлау және әдіснама басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
1) ҚР заңнамасын білу деңгейін тексеру жөніндегі тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР Конституциясын және нормативтік құқықтық актілерді білу;
2) ҚР Еңбек кодексінің, ҚР Мемлекеттік қызметкерлерінің этикалық кодексінің ережелерін білу;
3) «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;
4) ҚР «Дипломатиялық қызмет туралы», «ҚР халықаралық шарттары туралы» заңдарын, «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығын, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті туралы ережені білу;
5) 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының және 1963 жылғы консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелерін білу;
6) Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру;
7) Мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.10.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.
-
(8-7172) 72-08-08