ҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік департаменті Қарусыздану және таратпау басқармасының бірінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Халықаралық қауіпсіздік саласындағы және жаңа қауіп-қатерге қарсы тұру мәселелері бойынша тиісті ақпараттық-сараптамалық материалдарды әзірлеу; ресми сапарларды дайындау және өткізу; Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздік саласындағы, қару-жарақты бақылау, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, экспорттық бақылау жөніндегі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша проблемалық және перспективті мәселелер жөніндегі ресми ұстанымды даярлауға ұсыныстар енгізу.
Қазақстан Республикасының келесі мәселелер:
Қазақстанның Жаппай қырып-жою қарумен күрес бастамасына, «Таратпау жөніндегі ғаламдық серіктестік» G-8 бастмасына қатысуы,
Оттава конвециясына Қазақстанның қосылуы туралы келіссөздер үдерісі,
Зымырандар технологияларды бақылау режімі, Вассенаарлық уағдаластықтар, Австралиялық топ, Цангер Комитеті,
орта және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы шартқа байланысты Бірлескен бақылау тобына Қазақстан Республикасының қатысуы,
зымыранға қарсы қорғаныс проблематикасы жөніндегі келіссөздер үдерісі,«Нанн-Лугар» бағдарламасының орындалуы бойынша ынтымақтастығына жетекшілік ету,
БН-350 мәселелері,
Ядролық қарусыздануды тексеру мәселелері бойынша халықаралық әріптестік (IPNDV),
Аналитикалық материалдарды ұсыну;
Жетекшілік ететін мәселелер бойынша анықтамалық ақпараттарды дайындау және өзектендіру,
Басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 07.10.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат
-
тел. (8-7172) 72-08-08