ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті Имидждік жұмыс басқармасының екінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
- ақпараттық-имидждік жұмысты шетелдік кеңістікте ілгерілету жұмысы шеңберіндегі, ақпараттық серіктестермен ынтымақтастық бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыру шеңберіндегі тендерлерді және байқауларды ұйымдастыру бойынша құжаттарды дайындау;
- шетелдік журналистердің Қазақстанға баспасөз-турларын және жұмыстық сапарларын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен және даму институттары мен ҚР шет елдердегі мекемелерімен іс-қимыл жасау;
- жоспарлы және арнайы ақпараттық-имидждік жобаларды жүзеге асыру бойынша ҚР шет елдердегі мекемелері мен мемлекеттік органдармен және ұлттық компаниялармен іс-қимыл жасау;
- ақпараттық және имидждік салалардағы жүзеге асырылған жобалар бойынша дерекқорды құру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.09.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.
-
тел. (8-7172) 72-08-08