ҚР СІМ Коммуникациялар департаменті ахуалдық орталығының басқарма басшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
504 960
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
- Құқықтану
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік
біліктілік талаптарға сәйкес
Функционалды міндеттер
Ахуалдық орталыққа (басқарма) жалпы басшылық жасау. ҚР СІМ, ҚР ҚК мен ҚР ПМ Кеңсесінің басшылығын жедел ақпараттандыру мақсатында күнделікті ақпараттық жиынтықтарды даярлау, сонымен қатар халықаралық оқиғалар және даулы аумақтар мен елдер туралы жүйелі түрде ақпарат дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
e.tursunov@mfa.gov.kz
- 20.04.2026
- Астана қ., Қонаев қ., 31 ғимарат (онлайн)
-
72-08-08