ҚР СІМ Инвестиция комитеті шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметін қамтамасыз ету және инвестициялық іс-шараларды ұйымдастыру басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
504 960
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
- Құқықтану
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік
біліктілік талаптарға сәйкес
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру
және қамтамасыз ету; Тапсырмаларды (іс-шаралар жоспарын қоса алғанда) сапалы
және уақытылы орындау, басқарма құзыретіне кіретін өтініштерді және басқа
құжаттарды қарау; Басқарма құзыретіне кіретін ақпараттық, талдаулық және басқа
қажетті материалдарды дайындау; Басқарма құзыретін кіретін бағдарламаларды, ісшаралар жоспарларды және басқа құжаттарды дайындау және дайындауға қатысу;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі
(бұдан әрі – Кеңес) қызметін үйлестіру; мемлекет басшылығының қатысуымен
Кеңес отырыстарын әзірлеу және өткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, сондайақ Кеңес отырыстарының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын
мониторингілеу; Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметін үйлестіру, Кеңес
қызметі бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу, бизнес-форумдар,
инвестициялық конференциялар және Қазақстан экономикасының шикізаттық емес
салаларына шетелдік инвестициялар тарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру
және өткізу; Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларына шетелдік
инвестициялар тарту бойынша халықаралық және қазақстандық іскерлік
қауымдастықтармен, қаржы ұйымдарымен және мемлекеттік басқарманың
аймақтық органдарымен өзара әрекеттесу; шетелдік инвесторлармен өзара
әрекеттесу, оның ішінде, олармен Қазақстан экономикасының шикізаттық емес
салаларына инвестицияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша мүдделі
мемлекеттік органдар мен компаниялардың кездесулерін және келіссөздер жүргізуін
ұйымдастыру; "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және
Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру, инвестиция саласындағы
заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, Комитет басшылығы белгілеген
өзге де өкілеттілікті жүзеге асыру .
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
e.tursunov@mfa.gov.kz
- 09.02.2026
- Астана қ., Қонаев қ., 31 ғимарат (онлайн)
-
72-08-08