ҚР СІМ Валюта-қаржы департаменті Валюталық операциялар басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік
біліктілік талаптарға сәйкес

Функционалды міндеттер

Шет елдердегі мекемелердің негізгі құралдарды
есептен шығару туралы өтінімдерін қарастыру, Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен хат алмасу,
шет елдердегі мекемелердің негізгі құралдарын есептен шығару туралы
бұйрықтарды, актілерді, хаттамаларлы әзірлеу; Төтенше жағдайда қалған ҚР-ның
азаматтарына қаржылық көмек көрсету үшін өтініштер мен бюджеттік қаржы бөлу
есебін жүргізу; Бюджеттік бағдарламалар шегінде шетелдегі мекемелерді
қаржыландыру жоспарларын жүзеге асыру бойынша оперативті есептілік талдауын
Орындаушы: Е.С. Турсунов; Айы-күні: 30.01.2026 ж.; Құжат «Е-қызмет» жүйесінде дайындалған
жүргізуге; Бюджеттік бағдарламалар шегінде шетелдегі мекемелерді қаржыландыру
жоспарларын бекіту мен бөлуді, есепті жыл ішінде қайта бөлінуге тиіс өтінімдерді
қарастыруды жүзеге асыру; Штаттан тыс жұмыскерлер шектелімі бойынша және
шектелетін шығыстар (өкілдік шығыстар, медициналық қамсыздандыру және
балаларды оқыту) бойынша ұсыныстар қалыптастыру, есепті жыл ішінде бекітілген
шектелімдерге өзгерістер енгізу туралы шет елдердегі мекемелердің өтінімдерін
қарастыру; Қызметтік құзырет сұрақтары бойынша Министрліктің құрылымдық
бөлімшелерімен, шетелдегі мекемелермен хат жазысу; Өз құзыреті аясында жұмыс
процесінің рационалды қолдану туралы, «1С.Предприятие» бағдарламалық
қамтамасыз етуді және нормативтік құқықытық базаны жетілдірілуі туралы
ұсыныстар жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.02.2026 – 05.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

09.02.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Қонаев қ., 31 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

72-08-08