ҚР СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
504 960
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
- Менеджмент және басқару
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік
біліктілік талаптарға сәйкес
Функционалды міндеттер
Департаментке жалпы басшылық ету. Құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру, мемлекеттік тіл құжаттарын қалыптастыруға, құқықтық сараптама жасауға, дипкурьерлік байланыс және мобилизациялық жұмысқа, Министрлікте іс-қағаздарын жүргізуге, мұрағатқа, құжаттардың орындалу мерзімінің сақталуына бақылау жасауға, ақпаратты қорғауға жауапкершілік, мемлекеттік және шет тілдерін оқыту жөнінде курстар ұйымдастыру.
Министрліктің орталық аппаратын кеңсе тауарлармен, оргтехника қызметтері бойынша жабдықтаумен және жиһаз қамсыздандыру, алмастыру, есептен шығару және қажеттiлікті бақылау. ҚР-ның шетелдердегі мекемелерін жыл сайын мемлекеттік рәміздермен қамтамасыз етуді, қазақ ұлттық кәдесыйларын сатып алуларын ұйымдастыруды бақылау. ҚР-ның шетелдердегі мекемелерін қамтамасыз етуді, мемлекеттік әнұранды, мемлекеттік символдары бейнеленген стендтермен қамтамасыз ету, имидждік материалдармен қамтамасыз етуді бақылау. Министрліктің мемлекеттік сатып алуларына бақылау жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
y.tursunov@mfa.gov.kz
- 04.02.2026
- Астана қ., Қонаев қ., 31 ғимарат (онлайн)
-
72-08-08