ҚР СІМ Адам ресурстар департаменті жұмылдыру жұмысы және талдау басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Лингвистика
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік
біліктілік талаптарға сәйкес

Функционалды міндеттер

Кадр саясатын іске асыруға жәрдемдесу. Кадр резервін қалыптастыру,
қызметкерлерді дамыту, ҚР СІМ қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау
және біліктілігін арттыру, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар
институтымен (МГИМО) және РФ СІМ Дипломатиялық академиясымен
өзара іс-қимыл жасау, дипломатиялық қызмет органдарында Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасы және Мемлекеттік қызмет туралы
заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету, еңбек тәртібі мен жағдайының
сақталуын қамтамасыз ету, тәртіптік, тұрғын үй және өзге де
комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету, дипломатиялық қызмет
органдары персоналының әскери есебін және бекітуін жүргізу, жұмылдыру
жоспарын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
заңнамаға сәйкес міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.01.2026 – 22.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

26.01.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Қонаев қ., 31 ғимарат, (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

72-08-08