ҚР СІМ Халықаралық құқық департаменті Мемлекеттік шекара басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

504 960

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Лингвистика
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік
біліктілік талаптарға сәйкес

 

Бір немесе бірнеше шетел тілдерін (ағылшын, француз, испан, қытай, араб)
меңгеруі, лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті, бұл ретте
біліктілік деңгейін растайтын ресми құжатты (сертификатты) ұсынуы:
- Ағылшын тілі – IELTS (6.5-тен төмен емес), TOEFL iBT (95 балдан төмен
емес), Duolingo English Test (120-дан төмен емес), Cambridge English Test (B2
First, C1 Advanced, C2 Proficiency).
- Француз тілі – DELF (B2 төмен емес), DALF (C1,C2 төмен емес), (B2
деңгейінен төмен емес).
- Испан тілі – DELE (B2 төмен емес), SIELE (B2 деңгейінен төмен емес).
- Итальян тілі – CELI (3 төмен емес), CILS (B2 деңгейінен төмен емес),
PLIDA (B2 төмен емес).
- Неміс тілі – Goethe-Zertifikat (B2 төмен емес), TestDaf (4 төмен емес).
- Португал тілі – CAPLE DIPLE (B2 төмен емес).
- Түрік тілі – TYS (B2 төмен емес).
- Корея тілі – TOPIK II (3-4 төмен емес).
- Жапон тілі – JLPT (N2 төмен емес).
- Қытай тілі – HSK (5 немесе 6 деңгейінен төмен емес).
- Араб тілі – ALPT (B2 төмен емес), Arabic Proficiency Test (C1 деңгейінен).
Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат болмаған жағдайда, оқыту тілі
ресми мәртебеге ие мемлекетте алынған жоғары білім туралы диплом
баламалы құжат ретінде қабылданады.

Функционалды міндеттер

ҚР мемлекеттік шекарасын шектес мемлекеттермен халықаралық құқықтық
ресімдеу мәселелері. Мемлекеттік шекараны делимитациялау және
демаркациялау мәселелері жөніндегі келіссөздерді дайындау және
келіссөздерге қатысу. Мемлекеттік шекараны делимитациялау және
демаркациялау мәселелері жөнінде ақпараттық анықтамалық материалдарды
дайындау. Мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі Бірлескен
комиссиядағы ҚР Үкіметтік делегациясымен және мүдделі мемлекеттік
органдармен өзара іс-қимыл жасасу. Мемлекеттік шекара аудандарында
далалық зерттеу жүргізуге қатысу. Мемлекеттік шекараны делимитациялау
және демаркациялау туралы халықаралық шарттарды қол қоюға дайындау
және олардың күшіне енуі үшін мемлекетшілік рәсімдерді орындау.
Басқарманың құзыретіне қатысты басқа мәселелерді қарастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.12.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.12.2025 – 26.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

30.12.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Қонаев қ., 31 ғимарат (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

72-08-08