ҚР CІМ Валюта-қаржы департаменті Бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Функционалды міндеттер

ҚР СІМ бағдарламаларының қаржыландыру
жоспарларын жоспарлау және құру; Орталық аппараттың штаттық кестесі бойынша
қаржыландыру бөліміне ұсыныстар енгізу; Министрлікте бухгалтерлік есеп және
Орындаушы: Е.С. Турсунов; Айы-күні: 06.11.2025 ж.; Құжат «Е-қызмет» жүйесінде дайындалған
есеп беруді тиісті жүргізу бойынша бухгалтерлік құжаттамалар үлгілері мен
ережелерімен бекітілген қаржылық дисциплинаның сақталуына бақылау жүргізу; РБ
шығындарының бірыңғай бюджеттік класификациясымен белгіленген РБ
бағдарламаларының бекітілген қаржыландыру жоспарлары бойынша
қаражаттардың мақсатты және нәтижелі жұмсалуына бақылау жасау; Бухгалтерлік
есеп берулердің сапалы және уақтылы жасалуын ұйымдастыру және оған бақылау
жасау; Ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық құндылықтардың, негізгі
қорлардың, және т.б. уақтылы есепке алынуына бақылау жасау; негізгі қаражат пен
есеп айырысуларға түгендеу жүргізуді ұйымдастыру және бақылау, олардың
бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс табуын бақылау; Дебиторлық және
кредиторлық қарыздарды уақтылы төлетуге бақылау жасау;
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәселелері бойынша хат алмасуға жетекшілік
ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.11.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.11.2025 – 11.11.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

13.11.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ, Қонаев қ., 31 ғимарат , (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

72-08-08