ҚР СІМ Инвестиция комитеті Әкімшілік- құқықтық жұмыс басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де материалдарды дайындау; Басқарманың құзыреті шегінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын және басқа да құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; Комитетте бухгалтерлік есеп жүргізуін қамтамасыз ету; Комитетінің қаржы қызметін жоспарлау; ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; бюджет бағдарламаларын іске асыру барысында есеп берулерді дайындау; тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын бақылау; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.09.2020
- Нур-Султан, улица Д. Кунаева, дом 31
-
тел. (8-7172) 72-02-97