ҚР СІМ Халықаралық құқық департаменті Халықаралық құқық мәселелері басқармасының бірінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Функционалды міндеттер
Түскен құжаттардың сапалы және уақытында орындалуын жалпы бақылау. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша анықтамалық-талдамалық ақпаратты әзірлеу. Халықаралық жария құқық саласында коллизиялық мәселелерді қарастыру. Каспий теңізі түбінің қазақстандық секторын халықаралық құқықтық рәсімдеу, Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының теңіздік мемлекеттік шекарасын және балық аулау аймақтарының іргелес учаскелерін делимитациялау мәселелері, сондай-ақ Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты басқа да халықаралық құқықтық мәселелер бойынша: (1) түрлі деңгейдегі және форматтағы келіссөздерге дайындық жұмыстарын жүргізу, (2) жағалаужақ мемлекеттермен консультациялар ұйымдастыру және оларға қатысу (3) халықаралық шарттардың жобаларын қарастыру. Трансшекаралық су ресурстары және Басқарманың құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша халықаралық шарттардың жобаларын қарастыру. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Департаменттің құзыретіне қатысты бөлікте қарастыру. Министрліктің басшылығы, Президенттің Әкімшілігі және Үкімет үшін Басқарманың құызыретіне қатысты мәселелер бойынша тиісті есептер әзірлеу. Басқарманың құзыретіне жататын өзге де мәселелерді қарастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 16.06.2025
- Астана қ., Қонаев к., 31 ғимарат (онлайн).
-
720808