ҚР СІМ Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
504 960
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
- Халықаралық экономикалық қатынастар
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Құпиялық режимді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық талаптарын орындауға бақылау; мұрағаттық сақтауды және осыған байланысты құжаттарды іріктеу, сақтау және жою жөніндегі барлық іс-шараларды жүзеге асыру; құпия мәліметтері бар құжаттар және бұйымдарды жоғалту және басқа да құпиялық режимді бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерулерге қатысу; құпияландыруға жататын ведомстволық (салалық) мәліметтерді, таратылуы шектеулі қызметтік ақпараты бар мәліметтер тізбесін, ішкі ведомствоішілік құпиялық режимді қамтамасыз ету тәртібін реттейтін басқа да нормативтік актілерді әзірлеуге, сондай-ақ жұмыстарды, құжаттарды және бұйымдарды уақтылы құпияландыруға, олардың құпиялық дәрежесін (бағанын) дұрыс анықтауға және өзгертуге қатысу; келешегі бар және ағымдағы жоспарларды, сондай-ақ құпиялық режимін қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 31.01.2025
- Астана қ., Қонаев к. 31 (онлайн).
-
720808