ҚР СІМ Еуразиялық департаменті Еуразиялық экономикалық одақ басқармасының кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
504 960
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Лингвистика
- Халықаралық экономикалық қатынастар
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) жұмыс істеу мәселелері бойынша ақпараттық, сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу; Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - ЕЭК) Алқасы, ЕЭК Кеңесі, Еуразиялық үкіметаралық кеңесі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырыстарына позициялық материалдарды дайындау, ЕАЭО-ның жұмыс істеу мәселелері бойынша сарапшылар кеңесіне қатысу; ЕАЭО-ға қатысты мәселелер бойынша ҚР мекемелері және министрліктерімен өзара әрекеттесу; Қызметтік іссапарларға бару және оны дайындау, әртүрлі деңгейлердегі кездесулерге материалдарды дайындау, ҚР-да тіркелген шетелдердің дипломатиялық өкілдіктеріне және ҚР-дың шетелдердегі мекемелеріне хаттар мен ноталарды дайындау және жолдау; Үшінші елдермен сауда экономикалық ынтымақтастық және еркін сауда жөніндегі келісімдерге қол қою бойынша келіссөздерге қатысу; Министрліктің жоғары лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері шегінде жүктелген өзге де функционалдық міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 30.12.2024
- Астана қ., Қонаев к. 31 (онлайн).
-
720808