ҚР СІМ Валюта-қаржы департаменті Шетелдік іссапар және өкілдік шығындар басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Есеп және аудит
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Қаржы және кредит
- Бухгалтерлік есеп
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының шет елдердегі елшiлiктері, өкiлдiктері, консулдық мекемелерінiң кірістері мен шығыстарын жоспарлау; ҚР-дың шет елдердегі мекемелерiнiң бiр үлгiдегi штаттық кестелерiн әзірлеу; ҚР СIМ мекемелерінiң қаржы-шаруашылық жұмыстарына құжаттық тексерулер жүргізу; бюджеттiк қаржы бөлулердiң дұрыс жұмсалуына, еңбек, қаржы, банк заңнамаларын сақтау арқылы бухгалтерлiк есептерді уақтылы және сапалы жасауға, ҚР-дың шет елдердегі мекемелерi жүргізетін есептік және кредиттік операцияларға бақылауды жүзеге асыру. Бухгалтерлiк есеп және бюджеттiк жоспарлау бойынша нұсқаулық материалдармен уақтылы танысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 30.12.2024
- Астана қ., Қонаев к. 31 (онлайн).
-
720808