ҚР СІМ Инвестиция комитеті Қаржы және инвестициялық келісімшарттар бойынша мониторинг жүргізу басқармасының атташесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық және экономика негіздері
- Халықаралық қатынастар
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
- Халықаралық экономикалық қатынастар
- Қаржы және кредит
- Экономика және менеджмент
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және басқа да қажетті материалдар дайындау; Басқарманың құзыреті шеңберінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын және басқа да құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; Комитеттің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру; инвестициялық жобаларды, инвестицияны мемлекеттік қолдау,арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша Комитет қызметінің ұсынысы мен үйлесімін өңдеу; Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу; Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттар жобаларын келісу; инвестициялық келісім-шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы инвестициялық шарттарға және инвестициялық келісімшарттарға, нормативтік құқықтық актілер жобаларына, Комитет бұйрықтарының жобаларына, құқықтық сараптаманы жүзеге асыру; Комитет мүдделерін сотта және өзге де мемлекеттік органдарда өкілдік етуге, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша құқықтық мәселелерді қарастыру; инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер пайда болғанда сотқа дейінгі қарастыруға қолдау көрсету; тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын бақылау; инвесторлардың келісілген шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтініштерін және басқа да құжаттарын қарау; инвестициялық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау және инвестицияны мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша сотта және өзге де мемлекеттік органдарда Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету; инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 11.12.2024
- Астана қ., Қонаев к. 31 (онлайн).
-
720808