ҚР СІМ Халықаралық құқық департаменті Халықаралық шарттарды сараптау басқармасының атташесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Ратификация/қосылу туралы, депозитарийді хабардар ету туралы құжаттар әзірлеу. Шарттардың күшіне енуі туралы мемлекеттік органдарды хабардар ету. Шарттарды ратификациялау/қосылу туралы қаулы және заң жобаларын қарастыру. Халықаралық шарттарды деректер базасында тіркеу. Шарттық папкаларды рәсімдеу. Мемлекеттік органдарға шарттардың расталған көшірмелерін жіберу. Шарттардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындалуы туралы депозитарийді хабардар ету. Ратификациялық грамоталарды рәсімдеу және оларға Президенттің және Министрдің қол қоюын қамтамасыз ету. Құжаттарды қол қоюға дайындау. Шарттарды түгендеу бойынша министрліктерден және ведомстволардан түскен ақпаратты талдау. Шарттарды түгендеу қорытындылары бойынша Үкіметке есептер дайындау. Шарттарды түгендеу жөнінде контрагенттермен келіссөздер жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 04.12.2024
- Астана қ., Қонаев к. 31 (онлайн).
-
720808