ҚР СІМ Валюта-қаржы департаменті Валюталық операциялар басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Есеп және аудит
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Қаржы және кредит
- Бухгалтерлік есеп
- Бухгалтерлік есеп және салық салу
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Күн сайын ұлттық және есеп валютасында кассалық операцияларға есеп жүргізу, банктік операциялардың аналитикалық және синтездік есебін жүргізу, әр айдың 4 жұлдызына дейін №1,2, №3 мемориалды ордерлер есебін жүргізу; Республикалық бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарларына сәйкес шетелдегі мекемелерді қаржыландыру бойынша банктік төлемдерді жүргізу; Республикалық бюджет табысына консулдық алымдар, активтерді жүзеге асырудан табыстарды аудару және өзге де аударымдар бойынша синтездік және талдамалық есепке алуды іске асыру; Есепті айдан кейінгі айдың 7-не дейін бюджеттік қаражаттарды игеру жөнінде есепті құрастыру; күтілетін игеру бойынша айдың 25-не дейін, ай арасындағы жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу анықтамалары айдын 15-не дейін, специфика арасында айдың 20-на дейін; әр айдың 15-не дейін бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы тоқсандық есепті құрастыру, күн сайын 1050, 1081, 1082, 3133, 3222, 6010, 6020 тиісті шоттары бойынша талдамалық есепті жүргізу; ақшалай қаражаттарды ашу және айырбстауға қазыналық рұқсаттарды рәсімдеу; ҚР ҚМ Астана қаласы бойынша Қазыналық Департаментімен хат алмасу; бағдарламалар шегінде ақшалай қаражаттардың айырбасталымын және қайта айырбасталымын жүзеге асыру; Өзінің лауазымдық құзыреті сұрақтары бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілік, қаржыландыру, шетелдегі мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша хат жазысу; Өз құзыреті аясында жұмыс процесінің рационалды қолдану туралы, «1С.Предприятие» бағдарламалық қамтамасыз етуді және нормативтік құқықытық базаны жетілдірілуі туралы ұсыныстар жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 04.12.2024
- Астана қ., Қонаев к. 31 (онлайн).
-
720808