ҚР СІМ Халықаралық құқық департаменті Мемлекеттік шекара басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

504 960

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Лингвистика
  • Халықаралық экономикалық қатынастар

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

ҚР мемлекеттік шекарасын шектес мемлекеттермен халықаралық құқықтық ресімдеу мәселелері. Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөніндегі келіссөздерді дайындау және келіссөздерге қатысу. Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөнінде ақпараттық анықтамалық материалдарды дайындау. Мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі Бірлескен комиссиядағы ҚР Үкіметтік делегациясымен және мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу. Мемлекеттік шекара аудандарында далалық зерттеу жүргізуге қатысу. Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау туралы халықаралық шарттарды қол қоюға дайындау және олардың күшіне енуі үшін мемлекетшілік рәсімдерді орындау. Басқарманың құзыретіне қатысты басқа мәселелерді қарастыру. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.10.2024 – 10.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

16.10.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Қонаев к. 31 (онлайн).

Анықтама алу үшін байланыс

720808