ҚР СІМ Халықаралық құқық департаменті Халықаралық құқық мәселелері басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
504 960
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Халықаралық экономикалық қатынастар
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Басқармасы қызметініе жалпы басшылық жасау. Түскен құжаттардың сапалы және уақытында орындалуын жалпы бақылау. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша анықтамалық-талдамалық ақпаратты әзірлеу. Халықаралық жария құқық саласында коллизиялық мәселелерді қарастыру. Каспий теңізі түбінің қазақстандық секторын халықаралық құқықтық рәсімдеу, Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының теңіздік мемлекеттік шекарасын және балық аулау аймақтарының іргелес учаскелерін делимитациялау мәселелері, сондай-ақ Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты басқа да халықаралық құқықтық мәселелер бойынша: (1) түрлі деңгейдегі және форматтағы келіссөздерге дайындық жұмыстарын жүргізу, (2) жағалаужақ мемлекеттермен консультациялар ұйымдастыру және оларға қатысу (3) халықаралық шарттардың жобаларын қарастыру. Трансшекаралық су ресурстары және Басқарманың құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша халықаралық шарттардың жобаларын қарастыру. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Департаменттің құзыретіне қатысты бөлікте қарастыру. Министрліктің басшылығы, Президенттің Әкімшілігі және Үкімет үшін Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша тиісті есептер әзірлеу. Басқарманың құзыретіне жататын өзге де мәселелерді қарастыру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 16.10.2024
- г. Астана, ул. Кунаева 31 (онлайн).
-
720808