ҚР СІМ Инвестиция комитеті Сыртқы және ішкі инвестицияларды талдау басқармасының кеңесшісі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Қаржы және кредит

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Басқарма құзыретіне жататын тапсырмаларды (іс-шаралар жоспарларын қоса алғанда) сапалы және уақтылы орындау, өтініштерді және басқа құжаттарды қарастыру; Комитет құзыреті шеңберінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын және басқа құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; инвестицияларды тарту саласында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруды мониторингілеу және үйлестіру; Комитет қызметі тиімділігін бағалау бойынша жұмысты үйлестіру; Комитет құзыреті шеңберінде жиынтық-талдамалық, ақпараттық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; инвестиция бойынша нысаналы мақсатты индикаторлардың мониторингі; инвестицияларды тарту аясында жыл сайынғы талдау баяндаманы дайындау; Қазақстанның және шет елдердің инвестициялық ахуалының дәрежесі бойынша талдау материалдарын және жазбаларды дайындау; өңірлерге инвестицияларды тарту бойынша іс-шаралар жоспарын қоса алғанда, өңірлердің инвестицияларды тарту қызметін мониторингтеу және үйлестіру; Комитеттің қызметі бойынша басшылыққа баяндамаларды және кездесу есептерін әзірлеу; Комитет және басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.10.2024 – 10.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

16.10.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Қонаев к. 31 (онлайн).

Анықтама алу үшін байланыс

720808