ҚР СІМ Инвестиция комитеті Инвестициялық климат басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
504 960
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Басқарманың жалпы қызметін бақылау және басқару, инвестициялық ахуалды мониторингілеу және халықаралық қаржылық ұйымдармен әріптестік саласында өкім, ҚРҮ қаулы, Президент Бұйрық жобаларын әзірлеу; инвестиция саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; инвестицияларды қолдау және қолайлы инвестициялық ахуалды құру бойынша мемлекеттік инвестициялық саясатты құру және іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; мемлекеттік және салалық жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвестицияларды тартуда көмек бойынша ұсыныстарды әзірлеу; ірі инвестициялық жобалар бойынша инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау саласындағы халықаралық келісім жобаларын қарастыру; ЭЫДҰ-мен әріптестік, ЭЫДҰ-мен бірлескен жобаларды іске асыру; Инвесторларды тарту мәселелері бойынша Үкіметтік Кеңес (Инвестициялық штаб) жұмысын қамтамасыз ету; халықаралық қаржылық және сараптамалық ұйымдармен ынтымақтастық; шетелдегі отандық инвесторларды қорғау және ілгерілету; Басқарма құзіреті шеңберінде Комитет, Министрлік басшылығында, Премьер-Министр және оның Орынбасарларында ағымдағы жиналыстарды әзірлеу; Басқарманың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеу, және Басқарма құзіретіне кіретін өзге де міндеттер.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 23.09.2024
- Астана қ., Қонаев к. 31 (онлайн).
-
720808