ҚР СІМ Инвестиция комитеті Инвестициялық келісімшарттар жасасу басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
504 960
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
- Халықаралық экономикалық қатынастар
- Қаржы және кредит
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне жататын әлеуетті инвесторлардың өтініштерін және басқа да құжаттарды қараудың, тапсырмалардың (іс-шаралар жоспарын қоса алғанда) уақтылы және сапалы орындалуын бақылау; Басқарманың қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне жататын әлеуетті инвесторлардың өтініштерін және басқа да құжаттарды қараудың, тапсырмалардың (іс-шаралар жоспарын қоса алғанда) уақтылы және сапалы орындалуын бақылау; Басқарманың құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; Басқарманың құзыреті шегінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын және басқа да құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық преференцияларды алу және міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары; инвестициялық келісімшарттарға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы инвестициялық келісімшарттар мен шарттардың жобаларын қарастыру; мемлекеттік инвестицияларды қолдау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл; инвестициялық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау және инвестицияны мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша сотта және өзге де мемлекеттік органдарда Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету; инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу; Комитет басшылығымен жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 11.07.2024
- Астана қ., Қонаев көшесі 31.
-
72-08-08