ҚР СІМ Цифрландыру департаменті Цифрландыру және АКТ сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Ақпараттық жүйелер
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- киберқауіпсіздік
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Негізгі мемлекеттік саясат бағытында ақпараттандыру саласын жүзеге асыру; ақпараттық технологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау; Министрліктің республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша ақпараттық технологиялық қамтамасыз етуді әзірлеу; республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сыртқы саяси ведомствосының қызметін автоматтандыруды жобалау; жобаларды басқару, жаңа технологияларды қолдану арқылы СІМ қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; байланыс каналдарын бақылау және қамтамасыз ету; ведомствоны ақпараттық-техникалық қамтамасыз етудің ағымдағы мәселелері бойынша хат алмасу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері арасында қазіргі заманғы байланыс құралдарын енгізу және ақпарат алмасу; уақытша бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану жолымен автоматтық жүйені өңдеу және ақпарат беру. Министрлікте серверлік жабдықтардың, электрондық поштаның, интернеттің, локалдық желінің жұмысын қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 17.07.2024
- Астана қ., Қонаев к. 31 (онлайн).
-
72-08-08