ҚР СІМ Инвестиция комитеті Шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметін және инвестициялық іс-шаралардың өтуін қамтамасыз ету бойынша басқармасының атташесі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

180 517

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Лингвистика
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
  • Халықаралық экономикалық қатынастар
  • Қаржы және кредит

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Басқарма құзыретіне кіретін ақпараттық, талдаулық және басқа қажетті материалдарды дайындау; Басқарма құзыретін кіретін бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларды және басқа құжаттарды дайындау және дайындауға қатысу; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) қызметін үйлестіру; мемлекет басшылығының қатысуымен Кеңес отырыстарын әзірлеу және өткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ Кеңес отырыстарының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын мониторингілеу; Кеңестің бірлескен жұмыс топтарының қызметін үйлестіру, Кеңес қызметі бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу, бизнес-форумдар, инвестициялық конференциялар және Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларына шетелдік инвестициялар тарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;  Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларына шетелдік инвестициялар тарту бойынша халықаралық және қазақстандық іскерлік қауымдастықтармен, қаржы ұйымдарымен және мемлекеттік басқарманың аймақтық органдарымен өзара әрекеттесу; шетелдік инвесторлармен өзара әрекеттесу, оның ішінде, олармен Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларына инвестицияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша   мүдделі мемлекеттік органдар мен компаниялардың кездесулерін және келіссөздер жүргізуін ұйымдастыру;  "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру, инвестиция саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, Комитет басшылығы белгілеген өзге де өкілеттілікті жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.07.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.07.2024 – 12.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

17.07.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Қонаев к. 31 (онлайн).

Анықтама алу үшін байланыс

72-08-08