ҚР СІМ Азия-Тынық мұхиты өңірі департаменті Оңтүстік Азия басқармасының кеңесшісі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Қаржы
  • Лингвистика
  • Халықаралық экономикалық қатынастар
  • Қаржы және кредит

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Қазақстанның Оңтүстік Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері; өңірдегі елдермен екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; өз бағыты бойынша Президенттің, Үкімет, СІМ және ҚР министрліктері мен мекемелері басшыларының қатысуымен сыртқы саяси іс-шаралар өткізу; Шығыс Азия және Оңтүстік Шығыс елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ішкі және сыртқы саясатына талдау жасау; жетекшілік ететін елдермен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері; СІМ басшылығының сұхбат тезистеріне ұсыныс беру және сұхбат жазбасын жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.06.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.06.2024 – 28.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

02.07.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Қонаев к. 31.

Анықтама алу үшін байланыс

72-08-08