ҚР СІМ Халықаралық құқық департаменті Халықаралық шарттарды сараптау басқармасының Бірінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Лингвистика
- Халықаралық экономикалық қатынастар
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Еуропа және Америка елдерімен жасалатын халықаралық шарттардың жобаларын халықаралық құқықтық тұрғыдан сараптау. Мәлімет базасындағы халықаралық шарттардың паспорттарын рәсімдеу және жүргізу; мемлекеттік органдарға шарттардың көшірмелерін тарату; шарттардың күшіне енуі туралы мемлекеттік органдарды хабардар ету; шарттардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді тараптардың орындауын бақылау; мемлекетшілік рәсімдердің орындалуы туралы депозитарийді хабардар ету. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша анықтама-сараптамалық ақпарат дайындау; халықаралық конвенцияларға, халықаралық экономикалық құқыққа, халықаралық қылмыстық құқыққа қатысты мәселелер. Мұрағатта шарттарды тиісті сақтауды қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 24.06.2024
- Астана қ., Қонаев к., 31 ғимарат.
-
72-08-08